Жан құрбым!!!шын бақытқа ендің бүгін Жарыңа жүрегіңді бердің гүлім Бірге оқып,тату тəтті жан дос болған Сырласқан ең жанашыр сенсің құрбым. Қызысың қасиетті Қараштардың Ар иба жайсаңдықтан əрі аспадың Мұң шалмай қардай аппақ көңіліңді Бармақтай бақ силасын жаратқаным. Сен едің ата анаңа ерке өскен гүл Сырласып армандарды тербеткенбіз Мектепте бір партада бірге оқып Тату боп сыр ақтарып бой жеткенбіз. Жан əкең гүл қызым деп еркелетті Өмірден бірақ əттең ерте кетті Анашың үлбіретіп сені өсіріп Жолыңа жақсылықты желкен етті. Қыз дəурен барады əні қырдан асып Өзіңе ақ армандар болған асық Əкеміз теміржолда жұмыстас боп Сыйласып ғұмыр кешті араласып. Қыз дəурен қалды құрбым босағаңда Махаббат алтын көпір жас адамға Ауылына Жарылардың сыйлы болшы Тағдырың енді аманат жасағанға Құрбың боп алдым кейде сенен үлгі Ешқашан аямадың көмегіңді Атамұрат жарыңмен бақытты бол Арнадым ақ жолыңа өлеңімді. Судай сің ақ босаға тұрағыңа Сүйеу бол асыл жарың шынарыңа Түнімен той көйлекті тігіп едік Қуанып мен тұрмысқа шығарымда. Теңеймін сені сұлу қырмызыға Айналшы жан жарыңның жұлдызына Ақылың көркіңменен жаным құрбым Атандық "Əдемі апа" ұл қызыма. Мінекей өз үйіңе келдің күнім Жолың ақ мəңгілікке болсын гүлім Өзіңе ақ тілекпен бақыт тілеп Гаухардай жыр арнады құрбың бүгін.